Елорда әуежайы бүгіннен бастап жұмыс істеу уақытын ұзартады

14 Маусым 2024, 08:50
229
Бөлісу:
Елорда әуежайы бүгіннен бастап жұмыс істеу уақытын ұзартады
Фото: Мәди Искаков -архив

Астана халықаралық әуежайы әуе тасымалдаушыларының сұраныстары негізінде әуежайды басқарушы компанияның техникалық мамандарының жобалық тобы аэродромдағы жөндеу жұмыстарының технологиялық процесін оңтайландырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жазда маусымдық сұраныстың жоғары болуына байланысты жолаушыларға ыңғайлы болу үшін әуе тасымалына 14 маусымнан бастап әуежайдың жұмыс тәртібі күнделікті техникалық үзіліспен (23:00-ден 00:30-ға дейін) ұзартылады.

Жұмыстарды жүргізу кезінде әуежай ұшу-қону жолағының жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етеді, кейіннен ұшу-қону жолағына көшумен әуеайлақ жабынының басқа учаскелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде әуежайдың негізгі жұмысына кедергі келтірмейтін магистральді жолақта жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - делінген әуежайдың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Әуе тасымалына деген сұранысты қанағаттандыру үшін авиакомпаниялар ішкі рейстер кестелерін жедел қайта қарап, танымал бағыттарға қосымша рейстерді қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты жолаушыларға авиакомпаниялардың ресми сайттары арқылы билеттердің бар-жоғын тексеру ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы