Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елорда әкімі LRT қашан іске қосылатынын айтты

Олжас АДАЙ
20 Желтоқсан 2024, 16:43
685
Бөлісу:
 Арман Мухатов  -архив
Фото: Арман Мухатов -архив

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Astana LRT құрылысы 2026 жылы аяқталатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ЛРТ құрылысы бойынша жұмыстар айтарлықтай жеделдетілді. Биыл эстакада құрылысы аяқталды. Келесі жылы жаздың ортасына дейін станциялардың құрылысы аяқталады. Келесі жылы күздің ортасына дейін пойыздар келеді деп жоспарлап отырмыз. 2026 жылдың басында Astana LTR жұмысын бастайды, - деді Қасымбек ОКҚ-да өткен брифингте.

Бұған дейін қала әкімі Астанаға жаңа 300 автобус әкелінетінін, бас шаһардағы мектеп тапшылығын қалай шешетінін айтқан еді. 

Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек неге қала көшелеріне су тола беретінін түсіндірген еді.

Өзгелердің жаңалығы