Елорда әкімі азаматтарды қабылдады: қалада 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады

25 Наурыз 2022, 23:41
2194
Бөлісу:
Елорда әкімі азаматтарды қабылдады: қалада 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қала тұрғындары қандай мәселелермен жүгінетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әдеттегідей азаматтарды қабылдадым. Абаттандыру маусымы жақындағанын ескерер болсақ, қала тұрғындары жол жөндеу мен оның құрылысы, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, тұрғын үй кешендерін жөндеу секілді түрлі мәселелер бойынша жүгінеді.Мысалға биыл 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Ал соңғы жылдары 500-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Сол сияқты қаламыздың барлық ауданында «Халықтың бюджетке қатысу» жобасы жұмыс істейді. Жоба барысында қала тұрғындары өз ауласына қандай өзгеріс енгізу керектігін шешеді, – деп жазды елорда әкімі.

Сондай-ақ күн жылынған уақыттан бастап, елді мекендерге және қаланың оң жақ бөлігіне ерекше мән бере отырып, жолдарды салуға және жөндеуге кірісетінін айтты.

Жол жөндейтін мамандарға әдеттегідей жоғары талаптар қоямыз, ал сапасыз жасалған жолдарды қабылдамаймыз. Қала тұрғындарымен өзара байланысты күшейтуге апта сайынғы азаматтарды қабылдаулар, аудандар мен елді мекендердің тұрғындарымен кездесулер, елорданы аралау жұмыстары ерекше көмектеседі. Оның негізінде келіп түскен мәселелерді назарымызға аламыз, – деп жазды Алтай Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы