Қазақстанның XII Азаматтық форумында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев ел экономикасындағы оң өзгерістер мен тұрақтылықтың басты факторларына тоқталды. Ол Ұлттық қор мен алтын-валюта қорының ел үшін сенімді тірек екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутаттың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда бірқатар жаһандық және ішкі сын-қатерлерге қарамастан, экономикалық өсім байқалады.
Көріп отырғанымыздай, бірқатар мәселелерге қарамастан, елімізде оң экономикалық үрдістер айқын байқалады. Мұның сыртында Ұлттық қорымыз бар. Алтын-валюта қорымыз да қомақты. Ол – нақты әрі берік тірек, – деді Елнұр Бейсенбаев.
Оның пікірінше, инвестициялар тарту қарқынының артуы мен экономикалық әртараптандырудың жалғасуы елдің дамуына серпін беріп отыр.
Тартылған инвестициялардың көлемі де, қарқыны да айтарлықтай өсіп отыр, – деді депутат.