Елнұр Бейсенбаев Президенттің өз билігін шектеуіне не себеп болғанын айтты

26 Наурыз 2022, 13:39
2966
Бөлісу:
Елнұр Бейсенбаев Президенттің өз билігін шектеуіне не себеп болғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Желмая» жобасында Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев Президент өз билігін шектеуіне не себеп болғанын айтты.

Мемлекет басшысының шешімдері өз айтқандай, бұл жылда жасалатын кезекті реформалар. Бірақ қаңтар оқиғасы бұл мәселелерді тездетті. Екіншіден, бұл мәселелерге саяси анықтама берді. Бұл біздің қоғамдағы, яғни халық арасындағы жаңа реформаларға деген сұраныстың артып келгенін және бүгін және қазір қажет екенін көрсетті. Біз түсінуміз қажет Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл бастамалары тек өзінің билігін шектеу емес жалпы болашақтағы ел басқаратын сонымен қатар келешекте билікке келетін жастарға үлкен үндеу тастады, - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Спикердің айтуынша, мемлекет демократиялық жолды 30 жылдықтан әрі қарай үдете түседі.

Бұл процес бұрынғыдай созылмалы форматта емес, реформалары жылдам заман ағымына қарай болу керек екенін көрсетті. Сол себепті Президент тапсырмасын болашақта ел үшін қызмет ететін замандастарымызға тапсырма ретінде деп қарасақ қателеспейміз, - деді Елнұр Бейсенбаев. 

Өзгелердің жаңалығы