Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Элиталық мектептерге ақша беруді тоқтату қажет": Бектенов тапсырма берді

Олжас АДАЙ
Бүгiн, 11:51
234
Бөлісу:
 Үкіметтің баспасөз қызметі
VIDEO
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет басшысы Олжас Бектенов жаңадан ашылатын жекеменшік мектептерді мемлекеттік қаржыландыруға мораторий енгізуді тапсырды. Сонымен қатар, қымбат әрі элиталық мектептерге бөлінетін бюджет қаражатын тоқтату жөнінде тапсырма берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы үкіметтің алдына білім беру саласын мемлекеттік қаржыландыру тетіктерін шұғыл реформалау, сондай-ақ қаржыландырудың нақты әрі ашық критерийлерін әзірлеу міндетін қойды. Осыған байланысты оқу-ағарту министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жаңадан ашылатын жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мораторий енгізуді тапсырамын, - дейді Олжас Абайұлы.

Бектеновтің сөзінше, мемлекеттік қаржыландыру тек өңірлерде оқушы орындарына деген шұғыл қажеттілікті өтейтін жекеменшік мектептерге ғана бағытталуға тиіс.

Қымбат әрі элиталық мектептерді қаржыландыруды тоқтату қажет. Сонымен қатар, оқу-ағарту министрлігі бір ай мерзім ішінде жекеменшік білім беру ұйымдарының жаңа стандарттарға сәйкестігіне қатысты лицензиядан кейінгі бақылау жүргізіп, оның нәтижелері бойынша тиісті ақпаратты ұсынуға тиіс, - дейді Бектенов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Үкімет білім саласындағы олқылықтарды жоюға кірісті. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда білім саласын қаржыландыруға қатысты нақты тапсырма бергенін атап өтті.

Белгілі болғандай, жаңа жекеменшік мектептерге енді бюджет ақшасы берілмейді. Қазақстанда жекеменшік мектептердің қызметіне қойылатын талаптар өзгереді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Алматы қаласындағы жекеменшік мектептердің құрылтайшылары мен директорларымен өткен кездесуде мәлімдеген еді.

Өзгелердің жаңалығы