Астана, BAQ.KZ. Семейдің Қарағайлы шағын ауданы қарқынды құрылыс алаңына айналды. Биылдың өзіңде 12 көпқабатты тұрғын үй тұрғызылмақ. Олардың арасында элиталық баспаналар да бар. «Абай Арена» мәдени-спорт кешенінің екі жағынан ерекше қасбеті бар алты үй салынады.
"Үйлер 16 қабатты болады. Көпқабатты үйлер өзара симетрия құрып «Абай арена» спорт кешенін айшықтайтын болады", - деп мәлімдеді қаланың бас сәулетшісі Бахтияр Сәлімов.
Элиталық баспаналар басқа үйлерден жайлылық деңгейімен және ғимараттың сыртқы әрлеуімен ерекшеленбек.
Болашақ көпқабатты үйде жалпы аумағы 15 мың шаршы метрді құрайтын 81 пәтер орналасады. Құрылыс жұмыстары биыл бастайды.
Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жаңа шағын аудандағы құрылыс барысын өз бақылауында ұстайды.