Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Елімнің намысын қорғауға тырыстым": дзюдошы Аруна Жангелдина шешуші жекпе-жегі жайында айтты

9 Қараша 2025, 22:28
296
Бөлісу:
 скрин
Фото: скрин

Қазақстандық дзюдошы Аруна Жангелдина Эр-Риядта өткен Ислам ынтымақтастық ойындарында алтын жеңіп алғаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл турнирде көңіл күйім өте жақсы болды. Менің ойлау қабілетім дұрыс болды, сондықтан жақсы нәтиже көрсете алдым, - деді спортшы.

Ол ойындардағы әрбір жекпе-жек қиын болғанын атап өтті.

Әсіресе соңғысы сәл қиынырақ болды. Қарсыласым тәжірибелі және мықты. Бірақ мен тактика арқылы жеңіске жеттім және мен бұған өте қуаныштымын. Жаттықтырушыларым маған алтын жеңіп алуым керек екенін айтты. Сондықтан мен барымды салып, маған артылған сенімді ақтауға және елімнің намысын қорғауға тырыстым, - деді спортшы.

Өзгелердің жаңалығы