Елімізге қай елден жұмысшылар көп келеді?

Бүгiн, 13:22
163
Бөлісу:
Елімізге қай елден жұмысшылар көп келеді?
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 049 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, шетел жұмыс күшін  тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 576 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 598 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 5 353 және 473 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 899 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 150 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 796 жұмыс беруші бар. Оларда 436,1 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,8% - ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 397 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 897 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 592, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 293 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 252 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 123 адам, Өзбекстан – 1 968 адам, Түркия – 1 152 адам, Үндістан – 1 114 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 22 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.

Өзгелердің жаңалығы