Елімізге Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы келді

6 Қазан 2021, 21:58
28771
Бөлісу:
Елімізге Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДКҰ басшысы сапар барысында Шымкенттегі Кедендік ресімдеу орталығында сыртқы экономикалық қызметтің даму мүмкіндіктерімен танысты, сонымен қатар «Continental Logistics Shymkent» ЖШС көлік -логистикалық орталығының инфрақұрылымдық нысандарын аралады.

Сонымен қатар, ДКҰ басшысы Өзбекстанмен шекарадағы Б.Қонысбаев атындағы модернизацияланған бақылау-өткізу пунктінде болып, оның қызметі мен шекарадағы бақылауды іске асыру, сауданы жеңілдету және өткізу жылдамдығын арттыру тетіктерімен танысты.

Оған «Астана-1» тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі мен «Бір терезе» қағидаты негізінде кедендік бақылаудың мүмкіндіктері көрсетілді, бұл кедендік ресімдеу процесін айтарлықтай жеңілдетіп, оны ыңғайлы және ашық етті.

Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы еліміздің транзиттік әлеуеті мен кедендік әкімшілендірудегі ілгерілеуді жоғары бағалады.

Сапар барысында К.Микурия Мемлекет басшысымен, Премьер -Министрмен және Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылығымен кездесті.

Бас хатшы Мемлекеттік кірістер комитетіндегі жас кеденшілермен кездесу өткізді. Ол адами ресурстарды басқару мәселелеріне, меритократия мен кеден ісіндегі гендерлік теңдік мәселелеріне ерекше назар аударды.

Өзгелердің жаңалығы