Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елімізге 200 мыңға жуық шетелдік турист келген

15 Тамыз 2022, 18:28
1331
Бөлісу:

 еQonaq ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, жыл басынан бері ел аумағына 195 149 шетелдік турист келген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 2020 жылғы қарашада іске қосылған жүйе қазіргі уақытта республикалық маңызы бар 3 қаланы және 14 облыс орталығын қамтиды.

 еQonaq жүйесі туристік ағымға талдау жүргізуге және көші-қон қызметін тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Мұнда 7300-ден астам орналастыру орны тіркелген.

 Биылдың өзінде статистикаға сай шетелдік туристер басым өңірлер қатарында:

 - Алматы (73 012 адам);

 - Нұр-Сұлтан (44 859 адам); 

- Қызылорда облысы (9735адам); 

- Маңғыстау облысы (9384 адам) бар. 

Олардың 67% - ын Ресей Федерациясынан, 16% - ын Өзбекстаннан, 6% - ын Түркиядан, 4% - ын ҚХР-дан және 7% - ын басқа мемлекеттерден келген туристер құрайды. 

Айта кетейік, eQonaq.kz сайтында ай сайын шетелдік туристер бойынша статистикалық мәліметтер жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы