Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жасады.
16 тамызда Қостанай облысының кей жерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.
Қостанайда 16 тамызда найзағай күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.
16 тамызда түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с, шаңды дауыл. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 16 тамызда түнде найзағай, күндіз батыстан екпіні 15-20 м/с жел күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-100%, - делінген хабарламада.
16 тамызда Ақмола облысында кей жерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерде 15-20 м/с дейін жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.
16 тамызда Қарағанды облысының күндіз кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Кей жерінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз күші кей жерінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағандыда күндіз 16 тамызда найзағай күтіледі.
Жезқазғанда күндіз 16 тамызда найзағай күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 70-75%.
16 тамызда Батыс Қазақстан облысының солтүстік батысында найзағай. Жел солтүстік-батыстан соғады кей жерде 15-20 м/с.
Оралда 16 тамызда найзағай күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.
16 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерде дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады күндіз кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі, - делінген таратылған ақпаратта.
Петропавлда16 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.
16-18 тамызда Жамбыл облысында кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20, күндіз 16 тамызда екпіні 23 м/с күтіледі.
Таразда күндіз 16, тәулік бойы 17, 18 тамызда кей уақытта найзағай, дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.