Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сарапшылар онлайн-конференция аясында радикалды деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ қазіргі діни ахуалдың көрінісі мен оның келешектегі дамуы сұрақтарын талқылады.
Бұл туралы ҚР АҚДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараға Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежанов, Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының, Геосаяси зерттеулер институтының басшылары, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ғылыми-оқытушылық құрамының, салалық ҮЕҰ өкілдері және басқалар қатысты.