Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты (боран, жауын-шашын кезінде көрінудің төмендеуіне) Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында жол учаскелері жабылды, деп хабарлады ҚазАвтоЖол ҰК АҚ баспасөз қызметі.
Қарағанды облысында "Жезқазған-Петропавл" а/ж 65-252 шақымдары арасында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Қостанай облысында 2 учаске жабық:
“Жезқазған-Петропавл" а/ж 252-340 шақырымдары арасы және
"Жезқазған-Петропавл" а/ж 340-377 шақырымдары арасы.
Батыс Қазақстан облысында 2 учаске жабылды:
"Орал-Тасқала-РФ шекарасы" км.76-104, Тасқала кентінің уч. - РФ шекарасы.
"Орал-Тасқала-РФ шекарасы" км.4-72, Орал қаласының уч. - Тасқала кенті.
Ақмола облысында "Жезқазған-Петропавл" тас жолында (377-440 шақырымдары арасы) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
ҚазАвтоЖол қызметкерлері жолдардағы жағдайды тәулік бойы бақылауда. Төтенше жағдай туындаған кезде 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу қажет, - делінген хабарламада.