Еліміздің тарихына қатысты Ираннан әкелінген құжаттар таныстырылды

23 Қараша 2023, 18:06
4852
Бөлісу:
Еліміздің тарихына қатысты Ираннан әкелінген құжаттар таныстырылды
Фото: Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы

Мәдениет және Ақпарат министрлігі Архив құжаттама және кітап ісі комитеті «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ «Қазақ тарихы парсы және араб деректері негізінде» атты ғылыми-танымдық дөңгелек үстел өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әрбір халық өзінің арғы-бергі тарихын өзі жазуы керек. Ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған шежіре ұрпақтың санасын оятып, ұлттың жадын жаңғыртуға мүмкіндік береді» деген сөзі біздің тарихи сананы жаңғыртудағы негізгі ұстанымымыз керек деген. 

Осы тұста Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 953 қаулысымен «Архив – 2025» жобасын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспар бекітілді. 

Еліміздің тарихына қатысты Ираннан әкелінген құжаттар таныстырылды

Бұл жоспар шеңберінде архив ісін қолдау және дамыту бойынша жан-жақты шаралар қарастырылған. Соның негізгі бағытының бірі – отандық және шетелдік архивтерден, музейлерден, кітапханалардан және ғылыми орталықтардан Қазақстан тарихы бойынша  құжаттар мен материалдардың көшірмелерін анықтау және сатып алу бойынша ғылыми іздеу-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, оларды ғылыми айналымға енгізу.

 Ұлттық орталықтың ғылыми қызметкерлері «Архив-2025» жобасы негізінде Иран Ислам Республикасынан ортағасырлық Қазақстан тарихына қатысты маңызды құжаттар әкелініп, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы іссапар аясында әкелінген құжаттар мен  реставрация саласындағы мәселелерге  байланысты  сөз болады.

Дөңгелек үстелге Қазақстандағы Иран Ислам Республикасы елшісінің кеңесшісі және мәдени өкілдігінің басшысы Али Акбар Талеби Матин мырза,  Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғалым-профессорлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы және басқа да мекемелердің  парсы, араб тілдерінің мамандары,  Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының өкілдері, докторанттар мен магистранттар сондай-ақ, студенттер қатысты.

Еліміздің тарихына қатысты Ираннан әкелінген құжаттар таныстырылды
Өзгелердің жаңалығы