Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында күн суытады

2 Қазан 2024, 17:22
798
Бөлісу:
Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында күн суытады
Фото: BAQ.KZ архив

"Қазгидромет" Қазақстан бойынша 3-5 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кезекті солтүстік-батыс антициклоны Қазақстанның басым бөлігіне өз ықпалын тигізеді, онымен салқын ауа райы күтіледі және негізінен жауын-шашынсыз болады. 

Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, 3 қазанда оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде, - деп хабарлады Қазгидромет.

Республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында түнгі уақытта ауа температурасы 2-8 градус аязға дейін төмендейді.

Өзгелердің жаңалығы