Қазақстанда көктемгі ауа райы қарама-қайшылыққа толы болмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атлантикалық циклон мен фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынның өтуіне ықпал етеді. Тек батыста, шығыста және оңтүстікте антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, оңтүстік-шығыста найзағай күтіледі.
Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.
Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райына екі қарама-қайшы атмосфералық процесс әсер етеді:
Біріншісі, антициклон – шығыс, орталық және солтүстік-шығыс аймақтарында құрғақ және тұрақты ауа райын қалыптастырады.
Екіншісі, солтүстік-батыс циклонының ойысы – батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, желдің күшеюі мен көктайғақтың пайда болуына әкеледі. Кейбір аймақтарда тұман түсіп, көріну қашықтығын төмендетуі мүмкін.
Температуралық фон батыс өңірлерде түнде +2…+7°C, күндіз +12…+20°C шамасында күтіледі. Солтүстік аймақтарда түнгі температура -10…-1°C аралығында өзгеріп, кейін -3…-2°C дейін жылынады, ал күндіз +1…+6°C-тан +5…+10°C дейін көтеріледі. Шығыс өңірлерде түнгі температура -12…-22°C-тан -5…-12°C дейін жылынады, ал күндіз -2°C…+6°C-тан +1…+8°C дейін көтеріледі. Оңтүстік өңірлерде түнгі температура +2…+7°C, ал күндіз +13…+18°C-тан +18…+23°C дейін көтеріледі. Оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде -2…+3°C, таулы жерлерде -8…-13°C, ал күндіз +10…+15°C-тан +15…+20°C дейін жылы болады, – деп хабарлайды Қазгидромет.
Астанада 15 наурызда ауа температурасы +2…+4°C. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с.
Ақмола облысында 15-17 наурызда күндізгі температура +5…+10°C, түнде 0…+2°C. Жаңбырдың түсуіне байланысты қар қарқынды еритін болады, өзендер мен су арналарының деңгейі көтеріліп, кей жерлерде тасқын және су басу қаупі бар.
Алматы қаласында 15 наурызда жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +13…+15°C. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Алматы облысының таулы аймақтарда күндіз найзағай күтіледі, Найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Шымкентке көктем емес, бірден жаз келді. Күндіз +18…+20°C дейін жылы болады. Желдің екпіні 3-8 м/с.