Еліміздің шығыс өңірінде күн райына байланысты жолдар жабылды

Бүгiн, 17:06
213
Бөлісу:
Еліміздің шығыс өңірінде күн райына байланысты жолдар жабылды
Фото: Архив BAQ.KZ

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында ауа райының күрт нашарлауы салдарынан көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» ҰК сілтеме жасап.

2025 жылғы 2 ақпан сағат 15:30–да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрі қозғалысына шектеу қойылады. Атап айтқанда:

Абай облысы

— «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ» автожолының 971-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы — Шығыс Қазақстан облысы шекарасы);

Шығыс Қазақстан облысы

— «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ» автожолының 1013-1048 шақырым аралығы (Абай облысы шекарасы-Ұлан ауылы);

Айта кетейік, жолды 2025 жылғы 3 ақпан сағат 06:00–де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы