Еліміздің қай өңірлерінде ЖЭО-ның істен шығу қаупі бар?

13 Желтоқсан 2023, 12:20
629
Бөлісу:
Еліміздің қай өңірлерінде ЖЭО-ның істен шығу қаупі бар?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Биыл 146 млрд теңгеге жылу және электр жабдықтау нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның 16 млрд қаражаты энергетикалық нысан иелері тарапынан бөлінсе, 20 млрд теңге үкімет резервінен бағытталып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Энергия өндіру саласындағы инвестицияларды қайтарудың жылдық лимиті және электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша қызметтің шекті тарифі 1 мегаватт үшін 590 мыңнан айына 1 065 – 1 215 теңгеге дейін ұлғайтылды.

Табиғи монополиялар субъектілеріне сектордағы жалақыны көтеру және инженерлік желілерді балансқа қабылдау кезінде тарифті өзгерту құқығы берілді. Осыған қарамастан, өңірлердегі соңғы коммуналдық оқиғалар аясында энергия секторын қалпына келтірудің жедел шараларын қабылдау бойынша шұғыл міндет қойылып отыр. Салалық кәсіпорындарды көп жыл бойы қаржыландырмау салдарынан (тиімсіз тарифтік саясат салдарынан) елде энергетикалық инфрақұрылымның тоза түсуі байқалады, - делінген ақпаратта.

Бүгінгі таңда ЖЭО жабдықтарының тозуының орташа көрсеткіші - 66%. Ал Орал, Степногорск, Тараз, Қызылорда, Кентау қалаларында ЖЭО тіпті сын көтермейді.

Ондағы тозу көрсеткіші 80%-дан асты. Осыдан кейін күзгі-қысқы кезеңдерде штаттан тыс жағдайлардың болуы қаупі бар. Сонымен қатар сектор қатысушыларына энергия өндіру нысандарына қойылатын жаңа экологиялық талаптарды да тудырады. Заң энергетиктерді екі жақтан қаржылай шығын шығатын экологиялық іс-шараны орындауға міндеттейді. Келесі жылдан бастап нысандар банктерге нысандарды пайдалануда келтірілген салдарды жою бойынша қаржылық қамтамасыз етуді ұсынуға тиіс, - делінген Энергетика министрлігінің ақпаратында.

Өзгелердің жаңалығы