Орман қорында көшет отырғызу жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында 5 жыл ішінде республикамыздың орман қорында 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш түптерін отырғызуды тапсырды.
Бүгінгі күнде орман қорында 2 млрд көшет отырғызу жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ОКҚ алаңында мәлімдеді.
Облыстардың әкімдіктері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдары бекіткен 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайтудың кешенді жоспарларына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар 1,5 млрд-тан астам көшет, Экология және табиғи ресурстар министрлігі - 250 млн көшет және басқа да табиғатты пайдаланушылар 210 млн көшет отырғызуға тиіс, - деді министр.