Еліміздің этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық институттары саяси реформаларды талқылады

28 Мамыр 2022, 11:18
1370
Бөлісу:
Еліміздің этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық институттары саяси реформаларды талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Достық үйінде ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық институттары басшыларының реформаларды талқылауға арналған кеңейтілген республикалық онлайн-жиналыс өтті. 

Жиынға ҚХА аналар кеңесінің төрайымы, ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Н.Шанаи төрағалық етті. 

Іс-шара алдағы конституциялық референдумның маңызын көпшілікке түсіндіру, осы тақырыпта өзара пікір алмасуды мақсат тұтқан. Жиында «Вайнах»  шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығы» ЗТБ төрағасы А.Мурадов, Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама тобының төрағасы Д. Качеев,  ҚХА аналар кеңесінің мүшесі, «Қара шаңырақ»  ҚБ төрайымы Б. Ахатай, Дүнген этномәдени бірлестігінің төрғасы З.Махусеев және «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Т. Жұмырбаев сөз сөйледі. 

Ассамблеяның Аналар кеңесі 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда республикада ҚХА-ның 1795 Аналар кеңесі жұмыс істейді. Оның 11000-нан астам мүшесі бар, олардың басым бөлігі – этномәдени бірлестіктердің басшылары, мәдениет, білім беру, үкіметтік емес сектордың, психологиялық-медициналық мекемелердің өкілдері, әйелдер қоғамдық ұйымдарының белсенділері, - деп атап өтті Н. Шанаи. 

А. Мурадов өз сөзінде «Референдум – қоғамның сұранысына жауап» дей келе, алдағы апта болатын референдумның елдің дамуы үшін, алға қарай ілгеруі үшін мол септігін тигізетіндігін алға тартты. 

Бірлігі жарасқан бейбіт елде саналы ұрпақ тәрбиелеу – әр ананың арманы» тақырыбында сөз сөйлеп, бүгін жасап жатырған референдум келешек ұрпаққа мұра қылып қалдырып кете алатындай дүние екенін тілге тиек етті, себебі әрбір ана өз балаларының құқығы қорғалатын, экономикалық тұрғыдан мықты елде тұруын қалайды, - деді Б. Ахатай. 

Өзгелердің жаңалығы