Еліміздің екі өңірінде карантин күшейтілді

4 Шілде 2021, 17:55
2279
Бөлісу:
Еліміздің екі өңірінде карантин күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында карантин күшейтілді, жаңа қаулы 7 шілдеден бастап күшіне енеді. Сонымен қатар Атырау облысында да карантин күшейтілді, қаулы 5 шілдеден бастап күшіне енеді деп хабарлады tengrinews.kz. 

Павлодар облысының Cанитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің мәліметінше, карантин шаралары өңірдің «қызыл аймаққа» көшуіне және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты күшейтілді.

Павлодар облысында Павлодар-Ақсу, Павлодар-Кемеңгер, Павлодар-Заңғар бағыттарын қоспағанда, облысаралық, облысішілік, қалааралық, ауданаралық автобус, шағын автобус жолаушылар тасымалына тыйым салынады, - делінген облыстың бас санитария дәрігері Батырбек Әлиевтің қаулысында.

Мәдениет нысандарының, театрлардың, кинотеатрлардың, концерт және банкет залдарының қызметіне тыйым салынады. Сондай-ақ, спорттық іс-шараларды, еске алу шараларын, кездесулер өткізуге тыйым салынады.

Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары, діни объектілер үшін жабық үй-жайларда ұжымдық шаралар өткізбей жұмыс тәртібі мен толтырылуы бойынша шектеулер, қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс режимі енгізіледі. Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысы сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, толтырылуы 50 пайызға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын кезде, толтырылуы 30 пайыздан аспайтын балаларды сауықтыру ұйымдарының, туризм объектілерінің, толтырылуы 80 пайыздан аспайтын кезде халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдардың жұмысы шектеледі.

Сондай-ақ демалыс күндері сауна СПА-орталықтар, бассейндер, спорт нысандары, жабық базарлар, сауда үйлері және сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтатылады.

Атырау облысының бас мемлекеттік санитария дәрігері өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмыс уақыты мен режимін шектеу туралы шешім қабылдады.

Сауда үйлері мен сауда орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілері - тек жұмыс күндері сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады, азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларын, оларда орналасқан коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерді қоспағанда, - делінген құжатта.

Құжатпен толығырақ мына жерден танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы