Еліміздің бүкіл өңірінде референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды

5 Маусым 2022, 21:25
1069
Бөлісу:
Еліміздің бүкіл өңірінде референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана уақытымен сағат 21.00-де еліміздің барлық өңіріндегі референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды. 

Бұған дейін еліміздің 12 өңіріндегі 8 089 және 10 шет мемлекеттегі Қазақстан елшіліктері жанынан ашылған 12 референдум учаскесінде жұмыс аяқталып, комиссия мүшелері дауыс санауға кіріскен болатын. 

Ал дәл қазір сағат 21.00-де Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы 1 858 учаскеде өңір тұрғындары дауыс беріп болды. Сонымен қатар шет елдердегі 5 учаске де жұмысын тоқтатты. 

Оның барлығында комиссия мүшелері дауыс санауға кірісті. Қазіргі уақытта шет елдердегі 48 учаскеде ғана дауыс беру жүріп жатыр.

 Естеріңізге сала кетсек, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 7 936 655 адам дауыс берді. Бұл - дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың 67,65 пайыз.

Өзгелердің жаңалығы