Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

8 Қараша 2020, 14:06
1564
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет ауа райына байланысты 8-9 қараша күндері еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жариялады.

Ақмола облысының кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Көкшетау қаласында күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында кей уақыттарда көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңентең және күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді

Қызылорда облысында таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

Қызылорда қаласында күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Актау қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қарағанды қаласында көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Жезқазған қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ боладыі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде екпіні 18 м/с.

Ақтөбе қаласында күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-100 %

Өзгелердің жаңалығы