Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 13-ші ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды.
Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа-райына, солтүстік-батыстан жылжып келе жатқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер өз әсерін тигізеді, осыған байланысты қар, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік–шығысында және батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында – көктайғақ болады.
Ақмола облысында бұрқасын, облыстың солтүстік-батысында тұман, облыстың оңтүстігінде, батысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде таулы және тау бөктерлі аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман, күндіз облыстың солтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде тұман, күндіз облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының батысы мен орталығында тұман, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде көктайғақ, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, солтүстігінде тұман, шығыс және оңтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, облыстың батысында, оңтүстігінде желдің күшеюі күтіледі, күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с.
Қызылорда облысының батыс жартысында тұман, көктайғақ, таңертең және күндіз облыстың солтүстік және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, көктайғақ, оңтүстік-батысында және таулы аудандарда желжің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.