Бүгін Қазақстанның барлық өңірлерінде жыл сайын ұйымдастырылатын Халықаралық акция аясындағы "Жер сағаты" экологиялық науқаны өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Акцияға "Жер елшілері" - мектеп парламенттерінің өкілдері, эко-белсенділер, экология саласындағы сарапшылар және оқушылардың ата-аналары қатысады.
Шараның мақсаты-балалар мен жастардың санасына эко-белсенділік және экологиялық мінез-құлық идеяларын сіңіру, экологиялық мәдениет дағдыларын дамыту.
Жер сағаты акциясы - Дүниежүзілік жабайы табиғат Қоры өткізетін жыл сайынғы халықаралық іс-шара. Ол барлық адамдарды табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады. Шара аясында климаттың өзгеруіне байланысты адамзатты электр энергиясын тиімді пайдалануға шақыру мақсатында әлемдік маңыздағы сәулет ескерткіштері мен ғимараттары өз жарықтарын өшіреді. Сондай-ақ жеке тұлғалар, кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары және мемлекеттік мекемелер, коммерциялық ұйымдар электрден бір сағатқа бас тартады, – деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігі "Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы" РМҚК директоры Раиса Шер.
Акция шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады:
Абай облысында "Үздік экологиялық қолөнер" көрмесі;
Ақтөбе облысында табиғат туралы поэзия кеші;
Ақмола облысында "Климаттық киномарафон";
Алматы облысында Өнер мектебі оқушыларының "Табиғатты қорғайық" атты көлеңкелі театр спектаклі;
Атырау облысында Абай атындағы орталық асфальтта суреттер көрмесі;
Батыс Қазақстан облысында "ROBOLAND-2024" - "Қазіргі әлемдегі Экороботтар" инновациялық технологиялар мен робототехника фестивалі;
Шығыс Қазақстан облысында электр қуатынсыз дайындауға болатын тәттілер мен сусындар ұсынылатын фуд-корт;
Жамбыл облысында отшашулар мен жарықдиодты шамдардан флеш-моб;
Жетісу облысында ҚазЭкоПатруль спикерлерінің қатысуымен "Экологиялық сауаттылық" тренингі;
Қарағанды облысында жас натуралистер арасында "Балалар қолы ғажайыптар жасайды" конкурсы;
Бидегі Нейрографика: Қостанай облысында жабайы табиғат дыбыстарына арналған би қимылдары;
Маңғыстау облысында экологиялық тақырыптағы көңілді квест ойындары;
Павлодар облысында табиғат аясында неон шамдармен көмерілген поэзия кеші өтеді.
Мұнда оқушылар проза, поэзия тілінде өздерінің табиғатқа деген сүйіспешілігін жеткізеді;
Солтүстік Қазақстан облысында экологиялық тақырыптағы зияткерлік ойын;
Түркістан облысында алау жанында ән айту кеші;
Ұлытау облысында "Табиғатпен Селфи" фотогалереясының таныстырылымы;
Шымкент қаласында оқушылар "Менің жеке ағашым" атты бастамамен көшеттер отырғызады;
Астана қаласында "Жер сағаты" Бүкіләлемдік акциясына орайластырылған дөңгелек үстел өтеді.
Сонымен қатар еліміз бойынша "Бұл біздің - Қазақстан" марафон флешмобы өтеді.