Таиландтың Пхукет қаласында ауыр атлетикадан әлем кубогі өтіп жатыр. Лицензиялық жарысқа Париж Олимпиадасының жолдамалары үлестіріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Жарыс 31 наурызда басталды. С тобында өнер көрсеткен Айнұр Әбдіхалықова бесінші орыннан көрінді. Ол енді А және В тобындағы нәтижелерді күтеді.
Сондай-ақ, 89 келіде сынға түсетін Сергей Петровия 5 сәуірде жарыс жолына шығады.
Турнирге жалпы есебі алты қазақстандық атлет қатысуда.