Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері алғаш рет ең тиімді болып саналатын заманауи көпфункционалды «БУК-М2Э» зениттік зымыран кешенімен толықты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
«БУК-М2Э» – жоғары мобильді заманауи зениттік зымыран кешені, ұшу аппараттарын 99%-ға дейін зақымдау тиімділігі бар зымырандармен жабдықталған.
Аталған кешен құрамына жарықтандыру және бағыттау радиолокаторы, нысандарды анықтау станциясы, командалық пункт және іске қосу қуаттау қондырғылары, сондай-ақ жауынгерлік тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етуге арналған жөндеу шеберханалары мен арнайы зертханалар кіреді. Зениттік зымыран кешені шынжыр табанмен жүруге негізделген. Кешеннің басты артықшылығы ол қозғалыстағы әуе нысаналарына зымырандарын ұшыруды іске асыруға мүмкіндік беретін ұтқырлығы мен жоғары өтімділігі бар, - делінген хабарламада.
«Бук-М2Э» көпфункционалды зениттік зымыран кешені «Алмаз-Антей» ШҚО концерні» АҚ-да дайындалған. Қазіргі уақытта зауыт мамандары кешенді тапсыру және оны Қазақстанның әуе әскерлеріне қаруландыруға қою жөнінде жұмыстарды жүзеге асыруда.