Еліміздің әскери ғалымдары өзбекстандық әріптестерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс ведомстволары арасындағы 2022 жылға арналған екіжақты ынтымақтастық жоспары аясында генерал-майор Лұт Әлшекенов бастаған Ұлттық қорғаныс университетінің делегациясы Өзбекстан Республикасы Қарулы күштерінің академиясында болды.

1 Маусым 2022 2022, 13:10
АВТОР
 1 Маусым 2022 2022, 13:10
1 Маусым 2022 2022, 13:10
1369

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс ведомстволары арасындағы 2022 жылға арналған екіжақты ынтымақтастық жоспары аясында генерал-майор Лұт Әлшекенов бастаған Ұлттық қорғаныс университетінің делегациясы Өзбекстан Республикасы Қарулы күштерінің академиясында болды.

Бұл туралы Қорғаныс министрлінің  баспасөз қызметі хабарлайды.

Сапар барысында Академия басшылығымен кездесу өткізіліп, оқу орындары мен профессорлық-оқытушылық құрам арасындағы ынтымақтастықты дамыту көкжиегі талқыланды

Сондай-ақ тараптар ғылыми және оқытушылық қызметті ұйымдастыру жөнінде тәжірибе алмасты.

Бұдан бөлек Ұлттық қорғаныс университеті әскери және мемлекеттік басқару кафедрасының бастығы полковник Аманжол Разбеков Академия оқытушылары мен тыңдаушыларына жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне қатысты дәріс оқыды.

Наверх