Еліміздің алты облысында су тасқынына қарсы күрес жалғасуда

28 Наурыз 2024, 19:47
515
Бөлісу:
Еліміздің алты облысында су тасқынына қарсы күрес жалғасуда
Фото: ТЖМ

Еліміздің алты облысында су тасқынына қарсы күрес жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тартылған күштер мен құралдар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының елді мекендеріндегі су басқан 313 жеке тұрғын үйден еріген суды, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан және Абай облыстарындағы 369 аула аумағын, сондай-ақ 10 саяжайда суды сорғызу жұмыстары жалғасуда. Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының су басқан елді мекендерінен 2054 адам эвакуацияланды, оның ішінде 613 бала. Оның 960-ы Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының елді мекендерінің тұрғындары уақытша орналастыру пункттерінде қалады. Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 321 адам эвакуацияланды, оның 97 балалар, - дейді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Өзекті деректер бойынша ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күшімен 1,7 млн текше метрден астам еріген су сорылды, 82 мыңнан астам қапшық және 20 183 тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, ІІМ, Қорғанысмині және жеке құрамның 6200 - ден астам адамы, 1600-ге жуық техника, 630-ға жуық су айдау және жүзу құралдары, ТЖМ, Қорғанысмині, ҰҚК алты әуе кемесі жұмылдырылды, - дейді ведомство.

Республикалық және облыстық жедел штабтар, сондай-ақ "жедел желі"телефондары жұмысын жалғастыруда:

ТЖМ 8 717 2 70 41 14;

Ақтөбе облысы ТЖД 8 713 2 54 86 57;

Батыс Қазақстан облысы ТЖД 8 711 2 55 40 88;

Қостанай облысы ТЖД 8 714 2 50 19 60;

Ақмола облысы ТЖД 8 716 2 52 55 14.

Ведомствоның мәліметінше, барлығы 264 қоңырау түскен.

Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда, - дейді ТЖМ.

Өзгелердің жаңалығы