Еліміздің 7 облысында ескерту жарияланды

26 Қазан 2020, 22:50
1286
Бөлісу:
Еліміздің 7 облысында ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 27-28 қазан күндеріне орай еліміздің жеті облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Жамбыл облысының кей жерлерінде  күндіз және таңертең оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады. Жылдамдығы 23-28 м/с жетеді, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с асып кетуі ықтимал. 

27 қазанда тәулік бойы, 28 қазанда түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын болады. Кей жерлерде нөмер жаңбыр жауып арты қарға ұласады. Тәулік бойы кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, 15-20, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. 

Петропавлда көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күші 15-20 м/с, 27 қазанда күндіз, 28 қазанда түнде екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Қарағанды қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Жезқазған қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. 

Ақтөбе қаласында көктайғақ, солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, күндіз екпіні 23 м/с болады. 

Қызылорда қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Ақмола облысында жауын-шашын, кей жерлерде жаңбыр, қалың қар жауады. Тұман, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Көкшетау қаласында кей кездері тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде күші кей жерлерде 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Өскеменде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Семейде оңтүстік- шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы