Еліміздің 55% ашық вагондары көмір тасымалдауға арналған

5 Қазан 2021, 16:07
3282
Бөлісу:
Еліміздің 55% ашық вагондары көмір тасымалдауға арналған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҚТЖ – Жүк тасымалдау» ЖШС бас директорының орынбасары Қанат Көбесов мәлімдеді.

Оның мәлімдеуінше, ел аумағында 64 мыңнан астам ашық вагон бар, олардың 55% қатты отынды тасымалдауға тартылған. Оның ішінде 21 мыңнан астам ашық вагон «ҚТЖ» ҰК» АҚ «еншілесі» – «Қазтеміртранс» АҚ-ға тиесілі, олардың 66% көмір тасымалдауға тартылған.

Бүгінгі таңда ҚР темір жол желісіндегі ашық вагондар паркі жеткілікті көлемде. Жүк жөнелтушілер жартылай вагондарды жалдау бойынша шарттық жұмысты уақтылы жүргізді және көмір маусымына күні бұрын кешігусіз кірді. Бұл оңды факт, оны атап өту керек,- деді Көбесов.

Сонымен қатар ол көмір тасымалдау науқанының құнына тоқталды.

Көмір тасымалдау тарифінің өсуі болған жоқ және жыл соңына дейін жоспарланбаған. Бұл ретте, көмір тасымалдау тарифі қара металдарды тасымалдау ставкасынан бес есе, орман жүктерінен 2,5 есе төмен, -деді спикер.

Қ. Көбесов жүк жөнелтушілерді өз тұйықтарында көмір тиеу нормаларын сақтауға шақырды. Оның айтуынша, бұл шара «жоғалтылған пайданы» толтыруға мүмкіндік береді. Мысалы, «Востокугольпром» ЖШС кірме жолдарында норма 15,6 сағат болғанда вагондар 18 сағат тұрып қалады, орташа есеппен тәулігіне 18 вагон немесе 1260 тонна көмір тиелмейді. 

Ай қорытындысы бойынша жоғалған пайда 38 мың тоннаны құрайды. «Шұбаркөл Көмір» АҚ бойынша 24 сағат нормасында вагондар 36 сағат тиеуді күтуде, тәулік сайын 68 вагон немесе 4760 тонна тиелмеген, бір айдың қорытындысы бойынша 143 мың тонна жоғалған пайда.



Өзгелердің жаңалығы