Еліміздің 4 өңірінде жағдай аса күрделі – Цой

3 Тамыз 2021, 09:49
3464
Бөлісу:
Еліміздің 4 өңірінде жағдай аса күрделі – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. 3 тамыздағы жағдай бойынша, инфекциялық төсек-орындардың қамтылуы 56%, реанимациялық төсек-орындардың қамтылуы 44%-ды құрап отыр.

Стационарлардағы жүктемені бағалау матрицасына сәйкес, 4 өңір «қоңыр-қызыл», яғни аса қатерлі аймақта тұр. Олар: Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау және Қарағанды облыстары. Аталған жерлерде төсек-орындардың апталық қамтылуы 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден асады, - деді Алексей Цой.

Ал эпидемиологиялық жағдайды бақылау матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бері «қызыл» аймақта екені белгілі.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі ведомство Қазақстанның 10 өңіріне іссапармен баруы қамтамасыз етілгенін жеткізді. Оған министрліктің жетекші құрамы мен медициналық ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы коронавирус инфекциясына шалдыққан пациенттерге медициналық және әдістемелік көмек көрсеткен. Осылайша, аймақтардағы жағдайға нақты бағалау мен талдау жүргізіліп отыр.

Оның айтуынша, инфекциялық орындардың көп толуы Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында байқалып отыр. Ал Ақмола, Маңғыстау, Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы реанимациялық төсектер толық.

Сонымен қатар 2 тамыздан бастап аймақтарда эпиджағдайдың теңгерімін сақтау мен тұрақтандыру үшін бірқатар шектеу шаралары енгізілген болатын.

Өзгелердің жаңалығы