Еліміздің 4 облысында су тасқыны болуы мүмкін

Алматы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында өзендерде су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

26 Ақпан 2023 2023, 16:11
АВТОР
 BAQ.KZ  26 Ақпан 2023 2023, 16:11
26 Ақпан 2023 2023, 16:11
1459

Алматы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында өзендерде су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін,  деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

27 ақпанға дейін Түркістан, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы қаласы маңындағы аймақтарда жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі қатты жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағындының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін, – делінген хабарламада.

Наверх