Қазақстанның бірқатар аймақтарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Күндіз Абай облысының солтүстігі мен батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жел соғады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Семей қаласында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында түнде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде солтүстікте, шығыста және облыс орталығында екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
Алматы облысының таулы аймақтарында күннің соңында қарай қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында найзағай күтіледі, батыс, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз Қонаев қаласында найзағай, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Іле Алатауының тауларында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с. Жетісу Алатауының тауларында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 11-12 қыркүйекте түнде кей жерлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде 18-23, екпіні 28 м/с.
Алматы қаласында күндіз найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с болады.
Атырау облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус аяз күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. 11-12 қыркүйекте түнде облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында, таулы аймақтарда найзағай, бұршақ, бұрқасын күтіледі. Тараз қаласында түнде найзағай, бұрқасын күтіледі.
Күндіз Жетісу облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Солтүстікте оңтүстік-батыстан соғатын жел, облыстың таулы аймақтарында шығыстан 18-23, екпіні 28 м/с. Ауданның басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында күндіз найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде 1 градус үсік жүреді.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігі мен шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағанды қаласында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысында түнде жаңбыр жауады, облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында солтүстік-шығыстан 15-20 жел соғады, екпіні 23 м/с күтіледі.
Қызылорда облысында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстіктен, облыс орталығында 15-20 м/с күшейеді. Өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде күндіз қатты жаңбыр жауады.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында күндіз қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында найзағай, бұршақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз оңтүстікте, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с. Петропавл қаласында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз қатты жаңбыр жауады. Солтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнап, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады.
Ұлытау облысында найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел батыстан 15-20 м/с. Жезқазған қаласында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел батыстан 15-20 м/с.
Шымкент қаласында таңертең және күндіз найзағай ойнап, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.