Синоптиктер ертең, 4 тамызда Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлытау облысының солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні кей уақыттарда 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Астанада таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.