Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
7 желтоқсанда Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соққан жел күшейіп, екпіні кей жерде 15-20 м/с жетеді.
Осы күні Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел жылдамдығы секундына 15-20, 23-28 метрге дейін күшейеді.
7 желтоқсанда Қостанай облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің күші - 15-20, екпіні 23 м/с болады. Кей жерде бұрқасын және көктайғақ күтіледі.
Осы күні Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны - 15-20 м/с. Түнде бұрқасын көтеріледі.
7 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болады. Тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерде жел екпіні секундына 15-20, түнде 23 метрге дейін жетеді.
Осы күні Ақтөбе қаласында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 16 метр жылдамдықпен жел соғады.