Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 3 облыста ауа райының күрт бұзылуына байланысты дабылды ескерту жариялады.
2 шілдеде Қостанай облысының кей жерінде найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерде 15-20 м/с күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.
2 шілдеде Қызылорда облысының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі, - делінген хабарламада.
Қызылорда қаласында 2 шілдеде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-100%.
2 шілдеде Түркістан облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Шымкент қаласында 2 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түркістан қаласында 2 шілдеде күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.