Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК Қазақстанның Маңғыстау және Қостанай облыстарында дабылды ескерту жариялады.
"13 наурызда күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде жел оңтүстік-шығыстан, солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с болады деп күтіледі", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 13 наурызда Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жел оңтүстік-батыстан 17-22 м/с күтіледі. Қостанай қаласында 13 наурызда жел оңтүстік-батыстан 17-22 м/с күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.