Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 14 сәуірде еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты төтенше жағдай жариялады.
Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады. Жаңбыр соңы таулы жерлерде жылбысқы қарға айналады. Кей жерлерде тұман түсіп, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Қостанай қаласында және Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.
Петропавл қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түседі. Күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдап, оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с дейін барады.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %