Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі 7-8 наурызға арналған ауа-райын хабарлады. Еліміздің бірқатар аймақтары бойынша ескерту жарияланды.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 м/с-ге жетеді. Қызылорда қаласында 7 наурызда күндіз шаңды дауыл көтеріліп, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
7 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с болады. Қостанай қаласындакүндізоңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Болжамның ықтималдылығы 90-95 %.
7-8 наурыздаТүркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Түркістан қаласында 7-8 наурызда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 25 м/с-қа жетеді. Шымкент қаласында 7-8 наурызда солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.