Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 15 маусым күні Қазақстанның алты өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.
Синоптиктердің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан секундына 15-18 метр жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысында күн күркіреп, секундына 18 метрге дейін жел соғады.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз оңтүстікте 40 градусқа дейін ыстық болады. Шаңды дауыл мен желдің екпіні секундына 19 метрге дейін жетеді.
Ақтөбе облысында, синоптиктердің болжамынша, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады. Күндіз өңірдің оңтүстігінде 42 градус ыстық болады.
Қарағанды облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.