Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейе түседі

15 Наурыз 2019, 19:58
2698
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауарайының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ хабарлады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 16 наурызда Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл, солтүстік-батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында кей жерде шаңды дауыл күтіледі, солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде жаяу бұрқасын күтіледі.   Батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз кей жерде екпіні 25 м/с күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы