Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 7-9 маусым күндері еліміздің 4 облысында дауылды ескерту жариялады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
7 маусымда Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Осы күні Өскеменде найзағай соғып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
7 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады.
Қостанай қаласында 7 маусымда найзағай, солтүстік-батыстан жел соғады.
7-9 маусым күндері Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл сақталады. Күндіз кей жерлерінде бұршақ жауады.
7-8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында найзағай, дауыл соғып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.