Қазақстанның батысында күн ысиды

3 Шілде 2020, 17:27
1230
Бөлісу:
Қазақстанның батысында күн ысиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері ауа райының қатты ысуына байланысты дауылды ескерту жасады.

Күндіз 4 шілдеде Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық, өрт қауіптілігі күтіледі.

Атырау қаласында күндіз 4 шілдеде 36-38 қатты ыстық. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.     

4 шілде күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%, - делінген хабарламада.

4 шілдеде Батыс Қазақстан облысында күндіз оңтүстікте 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.                                                             

Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

Түнде 4 шілдеде Ақмола облысының кей жерінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең кей жерде тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады күндіз кей жерде күші 15-20 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.



Өзгелердің жаңалығы