Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, дауыл соғады

16 Қазан 2019, 16:01
1942
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, дауыл соғады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 17 қазанда солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. 

17 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с болады деп болжануда. Қостанайда солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 18 м/с күтілуде. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Бейсенбі күні Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан cоққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Өскеменде 17 қазанда оңтүстік-батыстан cоғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Семейде 17 қазанда оңтүстік-батыстан cоғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

17-18 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, кей жерлерде
күші 15-20 м/с, күндіз 18 қазанда екпіні 25 м/с күтіледі. 

Петропавлда 17-18 қазанда күндіз солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 18 қазанда көктайғақ болады деп болжануда. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.
Өзгелердің жаңалығы