Еліміздің бас шыршасын 20 желтоқсан күні жағады

18 Желтоқсан 2019, 18:33
2921
Бөлісу:
Еліміздің бас шыршасын 20 желтоқсан күні жағады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 желтоқсан күні сағат 18:00-де ЭКСПО іскерлік орталығының аумағында қалыптасқан дәстүр бойынша еліміздің бас шыршасының шамдарын жағу салтанаты өтеді.

Салтанатты рәсім қазақстандық әртістердің қатысуымен өтетін концерттік бағдарламамен сүйемелденетін болады. Сонымен қатар
келушілерді мұз төбешігіндегі қысқы ойын-сауық ойындары күтеді.

Мерекелік бағдарлама елорданың ең жарқын әрі келушілер көп келетін көрікті жері – "Нұр Әлем" Сферасының маңайында өтеді.
Сондай-ақ, ЭКСПО іскерлік орталығының аумағында мұзайдыны жұмыс істеп тұр. 1300 шаршы метр ЭКСПО мұзайдыны бір мезгілде 200 адамға дейін қабылдай алады. Конькиді жалға алу құны 500 теңге, ал жеке конькилері барлар үшін сырғанау тегін, - делінген хабарламада.
Айта кету керек, ЭКСПО аумағында дәмхана мен мейрамханалар, ал ыңғайлы болу үшін 3000 тұрақ орны бар жерасты автотұрағы жұмыс істейді.

21-27 желтоқсан аралығында сағат 15:00-де және 18:00-де, 28 және 29 желтоқсан күні сағат 12:00-де, 15:00-де және 18:00-де Нұр-Әлемде "Құпия алып күш" атты жаңа жылдық шоу өтеді. Қызықты көрініс жаңа жыл қарсаңындағы іс-шара қонақтарын әйгілі фильмдер мен комикстердегі сүйікті суперкейіпкерлермен таныстырады. "Нұр Әлем" сферасына билет бойынша кіру 6 жасқа дейінгі балаларға-тегін. Оқушыларға - 500 теңге.

Өзгелердің жаңалығы