Еліміздің ауыр атлеттері Катардағы лицензиялық турнирге қатысады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19-24 желтоқсан күндері Катар астанасы Дохада ауыр атлетикадан Катар кубогі өтеді, деп жазды Olympic.kz.</h4>

12 Желтоқсан 2019 2019, 08:50
АВТОР
 12 Желтоқсан 2019 2019, 08:50
12 Желтоқсан 2019 2019, 08:50
1555

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19-24 желтоқсан күндері Катар астанасы Дохада ауыр атлетикадан Катар кубогі өтеді, деп жазды Olympic.kz.


Лицензиялық турнир санатына жататын бәсекеге Қазақстан командасы да қатысады. Аталған сында Қазақстан атынан төмендегі спортшылар бақ сынайды:

Ерлер: Игорь Сон (61 келі), Денис Уланов, Нижат Рахимов (екеуі де 81 келі), Илья Ильин (96 келі), Ибрагим Берсанов (109 келі).

Әйелдер: Екатерина Быкова (76 келі) және Раушан Мешітханова (87 келі).




Наверх