Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта республикада 20 әуежай жұмыс істейді. Оның 15-мемлекеттік әуежай, 8-жеке меншікте, 1-концессияда.
Жұмыс істеп тұрған әуежайлар - Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Семей, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Боралдай. Жергілікті әуе желілерінің 3 әуеайлағы (Үржар, Үшарал, Зайсан) және өндірістік мақсаттағы 1 әуеайлақ (Тенгиз) бар. 17 әуежайда халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсаты бар. 17-сі ИКАО стандарттары бойынша санатталған, оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы әуежайлары III санат, Атырау әуежайв II санат, және басқа әуежайлар I санатта. Бұл оларға әуе кемелерін күрделі метеожағдайларда қабылдауға мүмкіндік береді - делінген ИИДМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
2019 жылы Қазақстан әуежайлары шамамен 17,7 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Авиациялық нарықтың шамамен 70% Алматы (7,2 млн жолаушы.) және Нұр-сұлтан (5,1 млн жолаушы.) әуежайларына тиесілі. Тәуелсіздік жылдары 18 әуежайда ұшу-қону жолақтары қайта жаңартылды, 12 әуежайда-жолаушылар терминалдарын қайта жаңарту жүргізілді.