Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және әлемдегі карантиндік шектеулердің әлсіреуіне байланысты ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе тасымалдардың бағыттық желісін қалпына келтіру және кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Оқи отырыңыз:
Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстандық "Fly Arystan" әуе компаниясы ағымдағы жылдың 2 маусымынан бастап Алматы – Ереван бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі, бейсенбі) Арменияға тұрақты рейстерді орындауды бастауды жоспарлап отыр.
Билет құны бір жаққа 28 мың теңгеден басталады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А320 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.